Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

10 қыркүйек 2023, 22:57
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңілгеннен кейін (0:1), команда Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы тағы бір ойын өткізді.

Бірінші таймның 27-минутында Максим Самородов алыстан соққы жасап, кездесуде есеп ашты.
Нәтиже финалдық ысқырыққа дейін сақталып, Қазақстан құрамасының минималды жеңісі тіркелді.

Осылайша, Магомед Адиевтің командасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қыркүйек айындағы циклін аяқтады. Қазақстан қлттық құрамасы келесі кездесулерін сырт алаңда Дания мен Финляндияға қарсы өткізеді. Ойындар 14-ші қазаннан 15-ші қазанға қараған түні және 17 қазанда өтеді.

Қазақстан – Солтүстік Ирландия – 1:0 (1:0)

Гол: Самородов 27

Ескертулер: Самородов 30, Тағыберген 73, Қуат 77, Досмағамбетов 87, Быстров 90, Астанов 90+8 (алаңда емес)  – Баллард 83, Макнейр 90+5, Томпсон 90+7, О’Нилл 90+8 (алаңда емес).

Қазақстан: Шацкий (қ), Вороговский (Досмағамбетов 46), Әліп, Марочкин, Быстров, Тапалов (Малый 71), Тагңберген (к), Бейсебеков (Дарабаев 71), Зайнутдинов (Айымбетов 88), Оразов, Самородов (Қуат 56);

Қосалқы құрам: Шайзада (в), Заруцкий (в), Ерланов, Малый, Қайыров, Скворцов, Досмағамбетов, Қуат, Дарабаев, Чесноков, Астанов, Айымбетов;

Бас бапкер: Магомед Адиев;

Солтүстік Ирландия: Пикок-Фаррелл (қ), Баллард, Эванс, Макнейр, Хам, Макканн (Магеннис 71), Сэвилл (Томпсон 46), Чарльз, Макменамин (Смит 46), Кеннеди (Джонс 63), Вашингтон (Чарльз 81). 

Қосалқы құрам: Саутвуд (қ), Хазард (қ), Тол, Спенсер, Смит, Прайс, Магеннис, Лайонс, Лэйн, Джонс, Чарльз;

Бас бапкер: Майкл О’Нилл

Төрешілер: Даниэль Шлагер, Лассе Козловски, Свен Вашицки, Мартин Петерсен (барлығы – Германия)

VAR төрешілері: Тиаго Мартинш (Португалия), Роберт Шредер (Германия).

10.09.2023. «Астана Арена», Астана. 28 458 көрермен.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары