Әбдірасул Әбдіманапұлы: «Нидерланд – өте жақсы қарсылас»

Әбдірасул Әбдіманапұлы: «Нидерланд – өте жақсы қарсылас»

14 қыркүйек 2023, 15:42
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Әбдірасул Әбдіманапұлы 2024 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Нидерландпен өтетін ойын туралы пікірін білдірді.

– Әбдірасул, оқу-жаттығу жиыны мен дайындық кезеңі қалай өтті?

– Оқу-жаттығу жиыны жақсы басталды. 9 қыркүйектен бастап Әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңінің ойындарына дайындық жүргізіп жатырмыз. Алдағы кездесуге жүз пайыз дайынбыз деп айта аламын. 

– Ұлттық құраманың жаттығуларына үйреніп қалдың ба?

– Ұлттық құрамаға төртінші рет шақыруту алып отырмын. Бұған дейін екі рет Әзірбайжан құрамасымен жолдастық ойынға қатыстым, сонан соң Черногориямен өткен ресми ойында алаңға шықтым. Адаптация жақсы өтіп, жігіттердің қарқынына ілесіп қалдым деп ойлаймын.

– Алдағы қарсыластар туралы не айта аласың?

– Нидерланд – өте жақсы қарсылас. Олардың қатарында алматылық «Қайрат» сапында тәжірибе алмасқан  Саид Бузамбу деген ойыншы бар. Жақсы ойын болады деп үміттенемін. Румыниямен көптен бері ойнамадық. Алматыда жанкүйерлердің қолдауын күтеміз.   

Бөлісу
Жоғары