Қазақстандық төрешілер Польша W – Украина W матчында қызмет атқарады

Қазақстандық төрешілер Польша W – Украина W матчында қызмет атқарады

26 қыркүйек 2023, 10:17
Эльвира Нұрмұстафина бастаған қазақстандық төрешілер бригадасы әйелдер арасындағы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Польша және Украина құрамалары арасында өтетін матчына төрелік етеді.

Кездесу бүгін, 26 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 22:00-де болады. Матч Гдыня қаласында өтеді.

Ойынның бас төрешісі болып Эльвира Нұрмұстафина тағайындалса, оның көмекшілері Наргис Мағау және Динара Ыдырысова болады. Татьяна Сорокопудова қосалқы төреші ретінде қызмет атқарады.

Бөлісу
Жоғары