Қазақстан құрамасының Дания және Финляндиямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі

Қазақстан құрамасының Дания және Финляндиямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі

26 қыркүйек 2023, 15:15
Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанда Алматыда басталады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Дания (14 қазан) және Финляндия (17 қазан) құрамаларымен өтетін матчтарға шақырту алған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Жалпы тізімге 34 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров, Роман Асранкулов (екеуі де – «Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Садыбеков («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Бапкерлер штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанда Алматыда басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 14 қазан күні Магомед Адиев командасы Даниямен Копенгаген қаласында кездеседі. Ойын «Паркен» стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Финляндиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 22:00-ге жоспарланған. Матч Хельсинки қаласы, «Олимпия» стадионында өтеді.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары