Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанды жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанды жеңді

11 қазан 2023, 23:00
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің элиталық раундындағы төртінші ойынын өткізді.

Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжан ұжымымен әлем чемпионатына іріктеуде екінші рет кездесті. Ойын Астанада өтіп, 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының жігерлі жеңісімен аяқталды.

Әзербайжандық команда матчта Амадеу соққан голдың арқасында есеп ашты. Төрт минуттан кейін Галло есепті еселеді.

13-минутта Қазақстан құрамасы Леоның соққысымен айырманы қысқартты, ал таймның соңына қарай Біржан Оразов таразы басын теңестірді.

Екінші таймның басында Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды. 3:2 есебі кездесу соңына дейін сақталып, Рикардо Кака шәкірттері әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін өз алаңында 14 желтоқсанда Нидерланд құрамасына қарсы өткізеді. Ал 20 желтоқсанда команда Румыния құрамасымен сырт алаңда соңғы іріктеу кездесуін ойнайды. 

Казақстан – Әзербайжан – 3:2 (2:2)

Голдар: Лео 13, Оразов 18, Дуглас 22 – Амадеу 4, Галло 8

Ескертулер: Дуглас 23 – Боржес 38, Галло 40

Казақстан: Игита (қ) (к), Эдсон, Тұрсагұлов, Дуглас, Оразов – Серіков (қ), Лео, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб,  Жұма, Дәрібай, Абдуманапұлы, Тайбасаров;

Бас бапкер: Рикардо Кака.

Әзербайжан: Кюрдов (қ), Боржес, Галло,  Вилела, Амадеу – Гусейнли (қ), Гюлюзаде, Манека, Ахмади, Казиханов, Багиров, Агхализада, Биэл, Шоджаэй;

Бас бапкер: Виталий Борисов.

Төрешілер: Траян Энчев, Калоян Кирилов, Иво Ценов (барлығы – Болгария).

11.10.2023. Астана, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы.

Бөлісу
Жоғары