Әділет Барменқұлов: «Кәсіби футболшылар альянсын қолдау – қазақстандық футболды дамыту стратегиясының ажырамас бөлігі»
– Кәсіпқой футболшылар альянсы - бұл тәуелсіз ұйым, бірақ, менің ойымша, футбол федерациясы оларға ынтымақтастық аясында толық қолдау көрсетуі керек. Бұл қадам қазақстандық футболды дамыту стратегиясының ажырамас бөлігі саналады. Сондай-ақ, бұрын жасалған меморандум Қазақстанның кәсіби футбол лигасымен тығыз жұмысты қамтиды.
Кәсіби футболшылар – біздің клубтардың, сондай-ақ барлық қазақстандық футболдың басты активтері. Қазір олар өз ойынымен бүкіл елді қуантады, ал мансабын аяқтағаннан кейін біздің футболшылар клубтық футболда тапшылығы қатты сезілетін білікті бапкерлер, менеджерлер және өзге мамандары рөлінде отандық футболға пайда әкелуі керек. Альянс қызмет аясында футболшыларға бапкерлік лицензия алуға, жоғары білім алуға және мансабын аяқтағаннан кейін өз кәсібін табуға көмектесуге дайын.
Сондай-ақ, Ұлттық допингке қарсы орталықпен бірлесіп оқыту семинарларын өткізу жоспарланып отыр. Альянс кәсіби футболшыларға өз құқықтарын қорғауға көмектесуге дайын, бірақ ешқандай жағдайда ұйым қазақстандық клубтар үшін жазалаушы орган ретінде әрекет еткісі келмейді. КФА футболшы мен жұмыс беруші арасындағы жанжалды жағдайларды медиатор ретінде шешуге тырысады.
Кәсіби футболшылар альянсының алдына нақты мақсаттар қойылды. Ұйым отандық футболдың игілігі үшін көп жұмыс атқаруы тиіс, сондықтан мен Альянстың жұмысына Қазақстан футбол федерациясының тәжірибелі менеджері және ұйымның Бірінші вице-президенті Олжас Абраев көмектеседі, - деді Әділет Назарбайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы және Кәсіби футболшылар альянсы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, оның аясында түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.