Астанада ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының УЕФА өкілдерімен кездесу өтті

Астанада ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының УЕФА өкілдерімен кездесу өтті

24 қазан 2023, 17:03
Футбол үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының УЕФА академиясының білім беру орталығының жетекшісі Томас Жюномен кездесті.

UEFA CFM (Football Management сертификаты) қорытынды кезеңінің басталу қарсаңында сенаторлар мен мәжілісмендер УЕФА академиясының бағдарламасымен танысты. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Магеррам Магеррамов, Ерлан Стамбеков, Данабек Исабеков, Ғалиасқар Сарыбаев және Әлішер Сатвалдиев қатысты.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру курстарын өткізуде УЕФА-мен тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, сонымен қатар AlmaU университетімен бірге менеджмент бойынша білім беру курстарының басталғанын атап өтті.

Өз кезегінде Сенат пен Мәжіліс депутаттары Қазақстан құрамасының жеңісімен құттықтап, ҚФФ-ның футбол менеджерлерінің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыс бағытын жоғары бағалады. Депутаттар елімізде футболды дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында футбол субъектілерінің жобаларын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары