Қазақстан құрамасы Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға дайындық жұмыстарын бастады

Қазақстан құрамасы Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға дайындық жұмыстарын бастады

06 қараша 2023, 23:14
Біздің құрама қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында қорытынды ойындарын өткізеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын бастады. 10 қарашада ұлттық құрама Қазақстан U-21 құрамасымен бақылау ойынын өткізеді. Содан кейін ойыншыларыдң нақты тізімі анықталады.

Жиын туралы айта кететін жаңалықтар:

  • Бапкерлер штабының шешімі бойынша Эльхан Астановтың орнына «Ордабасыдан» Максим Федин шақыртылды.
  • Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бекхан Шайзада, Бағдат Қайыров жаттығу жұмыстарына ертең қосылады.
  • Абат Айымбетов, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Александр Заруцкий, Ян Вороговский, Владислав Прокопенко УЕФА Конференциялар лигасының матчынан кейін құрамға қосылады.
  • Самат Жарынбетов жарақатына байланысты ұлттық құрамаға келмеді.
  • Бақтиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Нұралы Әліп, Марат Быстров, Лев Скворцов, Александр Зуев ұлттық құрамаға 12-13 қараша күндері қосылады.

Еске сала кетейік, қараша айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында соңғы екі матчын өткізеді. 17 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Сан-Мариноны қабылдайды. Ойын Астанада, «Астана Арена» стадионында өтеді және елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Үш күннен кейін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен ойнайды. Ойын Люблянадағы «Стожице» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен 01:45 (жергілікті уақытпен 20:45).

«OLIMPBET» букмекер компаниясы - футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі

Sport Qory спортты қолдау қоры - Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі

Бөлісу
Жоғары