Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының ойыншылар тізімі

15 қараша 2023, 16:04
19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Орынбасар Дәуренбекова Румынияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Біздің қыздар Талғарда 20 қарашада басталатын оқу-жаттығу жиынын өткізіп, содан соң Румынияға аттанады. Еске сала кетейік, Қазақстан қыздар құрамасы «В» Лигасының 2-тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары – Словакия және Румыния құрамалары.

Тізімге 26 футболшы енді:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек («БИІК-Шымкент»), Арина Орел («Ақсу»), Аяулым Қазбек («Қызылорда);

Қорғаушылар: Александра Набокова («Шахтер»), Қазына Норбаева («БИІК-Шымкент»), Гүлизат Рысбек, Маргарита Талдыкина (екеуі де – БЖМОРСМ №17), Кәмшат Жаңаева («Оқжетпес»), Асыл Кәкен, Тоғжан Дүйсенғали (екеуі де – «Жетісу»), Милана Егиазарян («Қайрат»), Феруза Сайлау («Қызылорда»);

Жартылай қорғаушылар: Сарбиназ Тұрсынқұл, Эльвира Махмудова, Әсел Жұмағали (барлығы – БЖМОРСМ №17), Анастасия Перейма («Астана»), Нұрай Жәлімбетова («Қызылорда»), Аяжан Қожабекова («Ақсу»), Жанеля Ержанова («БИІК-Шымкент»), Диана Нақыпбек («Шахтер»), Аяна Рахымжанова («Оқжетпес»);

Шабуылшылар: Валерия Попова (БЖМОРСМ №17), Анель Мақсат («Қайрат»), Томирис Темірбекова (БЖМОРСМ №8), Олеся Шапалова («Шахтер»);

Бапкерлер штабы: Орынбасар Дәуренбекова – бас бапкер, Ұлболсын Жолчиева – бас бапкердің көмекшісі, Валентина Пенькова – дене даярлығы жаттықтырушысы, Казыбек Мамиленов – қақпашылар бапкері, Сәуле Қадырбаева – дәрігер, Анара Қайдауова – массажист, Рахат Әкімқұл – менеджер.

Ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

2 желтоқсан

Словакия WU-19 – Қазақстан WU-19 – 16:00

5 желтоқсан

Қазақстан WU-19 – Румыния WU-19 – 15:00

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас серіктесі

Қазақстан ұлттық құрамаларының серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Бөлісу
Жоғары