Қазақстан төрешілер УЕФА Жастар лигасының матчында төрелік етеді

Қазақстан төрешілер УЕФА Жастар лигасының матчында төрелік етеді

27 қараша 2023, 16:51
Болат Сариев бастаған қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Жастар лигасы топтық кезеңінің екінші раунды аясында өтетін «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) командалары арасындағы матчқа тағайындалды.

Ойынның бас төрешісі Болат Сариевке әріптестері Алексей Долгих пен Денис Лабашов көмектеседі.

Матч ертең, 28 қарашада Сен-Жермен-ан-Ле (Франция) қаласында өтеді.

Бөлісу
Жоғары