Қазақстан құрамасы Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады

Қазақстан құрамасы Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады

21 қараша 2023, 05:10
Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің шешуші ойынында сырт алаңда Словениямен жолықты.

​​​​​Матч Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында өтті. Алаң иелері кездесудің 41-минутында пенальтиден есеп ашты. Көзге түскен Беньямин Шешко. Айып добын польшалық төреші Шимон Марчиняк VAR қарағаннан кейін белгілеген еді. 

Екінші таймда Қазақстан құрамасы Рамазан Оразовтың голымен таразы басын теңестірді. Нәтижелі пасты шығарған Максим Самородов болатын.

Словения футболшылары ойын соңына қарай қарымта шабуылда гол соқты. Гол авторы – Беньямин Вербич.

Ойын қорытындысы бойынша Словения Еуро-2024 турниріне тікелей жолдама алды. Ал Қазақстан құрамасы енді Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы таласады. Біздің жігіттер жартылай финалда сырт алаңда Грекия құрамасымен ойнайды. Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен жолығады. Финалдық кездесу 23 қараша күні жеребе тарту рәсімінде анықталады. 

 

Словения – Қазақстан – 2:1 (1:0)

Голдар: Шешко 42 (пенальти), Вербич 86 – Оразов 48

Ескерту: Вербич 86 – Вороговский 40, Қуат 61, Малый 72, Әліп 90

Словения: Облак (қ), Карничник, Блажич, Бийол, Янжа (Дркушич 87), Стоянович (Станкович 90+2), Черин, Элшник, Млакар (Вербич 72), Шешко, Шпорар (Куртич 87);

Резерв: Белец (қ), Мартин Турк (қ), Балковец, Ловрич, Зайц, Захович, Целар, Випотник;

Бас бапкер: Матьяж Кек.

Қазақстан: Шацкий (қ), Вороговский, Әліп, Малый, ​​Марочкин, Быстров, Бейсебеков (к) (Тапалов 81), Куат (Кеңесов 64), Чесноков (Свиридов 81), Оразов, Самородов (Айымбетов 90+1);

Резерв: Устименко (қ), Шайзада (қ), Скворцов, Досмағамбетов, Қасым, Ерланов, Дарабаев, Зуев;

Бас бапкер: Магомед Адиев.

Төрешілер: Шимон Марциняк, Павел Сокольницкий, Адам Купсик, Павел Рачковски;

VAR төрешілері: Томаш Квятковски; Бартош Франковски (барлығы – Польша).

20.11.2023. «Стожице», Любляна, Словения. 16 432 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары