Игорь Шацкий: «Екі маңызды финал қалды»

Игорь Шацкий: «Екі маңызды финал қалды»

16 қараша 2023, 17:45
Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Сан-Мариномен болатын ойын жайлы пікірін білдірді.

– Біз белгілі бір ойыншыға тәуелді емеспіз. Иә, ертеңгі ойын көшбасшы жігіттерсіз қиын болары анық. Бірақ біз бір ұжымбыз. Осы сәтті біз ұзақ күттік. Екі маңызды финал қалды. Сол кездесулерде өзімізді барынша көрсетуіміз керек.

Неге мен ұлттық құрамада клубқа қарағанда жақсы ойнаймын? Бабымбы өзім бағалай алмаймын. Бәлкім, бұл клубтың тұрақсыздығынан шығар. Ал ұлттық құрамада мен командаластарымның және жаттықтырушылардың қолдауы мен сенімін сезінемін.

Бөлісу
Жоғары