Қазақстандық төрешілер 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчында жұмыс істейді

Қазақстандық төрешілер 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчында жұмыс істейді

16 қараша 2023, 10:58
Германия U-21 - Эстония U-21 ойынына қазақстандық төрешілер Данияр Сахи, Сергей Васютин, Евгений Бельский және Артем Кучин тағайындалды.

Матч 17 қараша күні Астана уақытымен 23:00-де басталады. Ойын Падерборн қаласындағы «Бентелер Арена» стадионында өтеді.

Кездесудің бас төрешісі болып Данияр Сахи тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Евгений Бельский көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Артем Кучин атқарады.

Бөлісу
Жоғары