Қайрат Нұрдәулетов: «Бірінші жеңіске өте қуаныштымыз, бірақ әлі біраз жұмыс жасау қажет»
- Біздің топтағы алғашқы жеңіс туралы?
- Бірінші жеңіске өте қуаныштымыз, бірақ әлі біраз жұмыс жасау қажет. Біздер қарапайым ойын эпизодтарында пасты дұрыс бере алмадық. Жігіттер мүмкін қатты қобалжыған болар, ел үмітін ақтап, жақсы нәтиже көрсетуге деген эмоция басып кетті ме. Осының салдарынан қателіктер көп болды. Тактикаға келетін болсақ, жігіттер алдын ала дайындалған барлық мақсаттарды орындады. Қарсылас қорғанысана жоғары қысым жасамай, шамалы төмен күтейік деген жоспар болды. Себебі біз қараған ескі ойындарда Мальта жастар командасының ойыншылары жасалған қысымнан өту жолдарын жақсы жаттықтырғанын көрдік. Өкінішке орай, ойынның бірінші бөлігінде болған жақсы мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Кейбір сәттерді техникалық қателіктер жібердің, кейбір сәттерде асығыстық таныттық.
- Прогресс болу үшін қандай әрекет жасау керек?
- Біздің жастарға жоғары деңгейдегі ойындар тәжірибесі жетіспейді. Еуропада көп ойнауға тырысу керек. Сапалы жолдастық кездесулерді жиі өткізу маңызды. Қазақ футболшылары Еуропадағы қарсыластардың деңгейін көріп, олармен әрдайым бәсекеге дайын болу керек. Себебі біздің ойыншылардың техникасы жақсы, физикалық даярлығы да жақсы деңгейде, алайда өзіне деген сенімділіктері төмен. Осының салдарынан олар қарапайым ойын сәттерінде қобалжып, өрескелі қателіктер жіберуде.