Қазақстан әйелдер құрамасының Эстония және Арменияға қарсы матчтары «Астана Аренада» өтеді

Қазақстан әйелдер құрамасының Эстония және Арменияға қарсы матчтары «Астана Аренада» өтеді

28 қараша 2023, 11:10
Ойындар УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңі аясында өтеді деп жоспарланған.

Қазақстан әйелдер құрамасы 1 және 5 желтоқсан күндері УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің қорытынды матчтарында Эстония және Армениямен кездеседі.

Екі ойын да  «Астана Арена» стадионында өтеді. Аренаға кіру тегін.

Эстонияға қарсы матч 1 желтоқсанда Астана уақытымен 20:00-де өтеді. Артынша 5 желтоқсанда Арменияға қарсы матч жоспарланған. Ойынның басталуы – 21:00-де. Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Бұған дейін Мадияр Кембіловтің шәкірттері Эстония (0:0), Армения (2:1) және Израильге (0:2, 0:0) қарсы ойнады.

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу
Жоғары