Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық матч өткізеді

30 қаңтар 2024, 16:00
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың Түрікменстан командасымен жолдастық кездесу өткізетіні туралы хабарлайды.

Қазақстан құрамасы 8 наурызда УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен өтетін ойын алдында Дубайда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланған.

Еске сала кетейік, ұлттық құраманың Грекияға қарсы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің плей-офф матчы 21 наурызда Афина қаласында өтеді.

Бұған дейін Қазақстан және Түрікменстан құрамалары өзара үш рет кездескен.

 01.06.1992. Орталық Азия Кубогы. Финалдық кезең. Алматы

Қазақстан – Түрікменстан – 1:0

14.09.1992. Орталық Азия Кубогы. Финалдық кезең. Ашхабад

Түрікменстан – Қазақстан – 1:1

15.04.1994. Өзбекстан Тәуелсіздігі Кубогы. Финалдық кезең. Ташкент

Қазақстан – Түрікменстан – 0:0

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футболдан Қазақстан құрамасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары