UNI Football командасының ойыншыларына ұлттық құраманың формасы табысталды

UNI Football командасының ойыншыларына ұлттық құраманың формасы табысталды

19 қаңтар 2024, 12:08
18 қаңтарда аутизм спектрі бұзылуы бар және Даун синдромы бар балалар ойнайтын UNI Football жасөспірімдер командасының ойыншыларына ұлттық құраманың формасы табысталды.

ҚФФ бұл бірегей жобаны «Болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Өткен жылдың қараша айында басталған маңызды әлеуметтік жобада балалар тамаша нәтиже көрсетіп, олардың әлеуметтенуде және футбол ойнауда ілгерілеушілігі байқалады. Балалар арасында жарыс қамтамасыз ету үшін еліміздің басқа қалаларында командалар ұйымдастырылып, UNI футбол лигасы құрылады.

Ұлттық құрама формасын «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан мен ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры Ғани Қайназаров табыс етті.

«Болашақ» корпоративтік қоры 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерімен құрылды. Қор қайырымдылық, инклюзивті білім беруді дамыту және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы дарынды жастарды қолдау саласында әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары