Астанада жекеменшік мектептер арасында республикалық турнир өтті

Астанада жекеменшік мектептер арасында республикалық турнир өтті

22 желтоқсан 2023, 10:40
Елордада жекеменшік футбол мектептері мен академияларының арасында «JKFL» Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтті.

Финалдық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 56 футбол мектебінен 1100 бала қатысты. Ескеретін жайт, қатысушы балалар саны 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейген. Былтыр финалдық кезеңге 39 футбол мектебінен 600 бала бағын сынады.

Жарыс төрт жас ерекшелігіне бөлініп, 2012-2013 жж. 12 команда  («5+1» форматы), 2010-2011 жж. 17 команда  («7+1» форматы), 2008-2009 жж. 15 команда («8+1» форматы) және 2006-2007 жж. 12 команда («10+1» форматы) қатысты. 

Марапаттау іс-шарасына «Ауыл» ХДПП төрағасы Серік Егізбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ҚХП депутаттық фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин, Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, сондай-ақ GPI Group басшысы Рустам Якупбаев қатысты.

Жекеменшік футбол мектептері мен академияларының футбол лигасы 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен ашылған болатын. Биылғы «JKFL» маусымында 300-ден аса команда  (5500 бала) қатысты. Бұл футболға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Жас футболшылар жеңіске деген құштарлығын алаңға көрсете алды.

Финалдық кезеңнің нәтижесі:

2012-2013 жж:

«Үздік қақпашы» – Орақбай Әлихан (Қаскелең ФК, Алматы облысы)

«Үздік қорғаушы» – Қасым Исмайыл (Көктем ФК, Атырау)

«Үздік шабуылшы» – Натальченко Артур (НГФС ФК, Алматы)

«Үздік сұрмерген» – Сейілхан Хамза (Айбын ФК, Астана)

«Үздік ойыншы» – Бақыт Дәулет (NGFS ФК, Алматы)

3-орын – Қаскелең ФК (Алматы облысы)

2-орын – Айбын ФК (Астана)

1-орын – NGFS ФК (Алматы)

 

2010-2011 жж:

«Үздік қақпашы» – Барсаева Дильназ (Реал Спорт ФК, Атырау)

«Үздік қорғаушы» – Қанат Мирас (Іле Сәулет ФК, Алматы облысы)

«Үздік шабуылшы» – Сапархан Алмат (Шым Сити ФК, Шымкент)

«Үздік сұрмерген» – Мәлік Жігер ( Реал Спорт ФК, Атырау)

«Үздік ойыншы» – Закирьянов Әмір (Эль Классико ФК, Астана)

3-орын – Іле Сәулет ФК, Алматы облысы

2-орын – Эль Классико ФК, Астана

1-орын – Шым Сити ФК, Шымкент

 

2008-2009 жж:

«Үздік қақпашы» – Алшагиров Әділет (Виста ФК, Астана)

«Үздік қорғаушы» – Полат Айдархан (Шым сити ФК, Шымкент)

«Үздік шабуылшы» – Жақсылық Азамат (Мансұр ФК, Шымкент)

«Үздік сұрмерген» – Иса Нұрдәулет (Шым Сити ФК, Шымкент)

«Үздік ойыншы» – Қасынов Дарын (Про Спорт Қосшы ФК, Астана)

3-орын – Виста ФК (Астана)

2-орын – Про Спорт Қосшы ФК (Астана)

1-орын – Шым сити ФК (Шымкент)

 

2006-2007 жж:

«Үздік қақпашы» – Салиев Ринат, (Целиноград ФК, Астана)

«Үздік қорғаушы» – Әмірбек Бауыржан, (Наман ФК, Қызылорда

«Үздік шабуылшы» – Фофанов Олег, (Арсенал ФК, Атырау)

«Үздік сұрмерген» – Ильюшонок Михаил, (Арсенал ФК, Атырау)

«Үздік ойыншы» – Көлбай Ілияс, (Мустанг ФК, Алматы)

3-орын – Мустанг ФК (Алматы)

2-орын – Арсенал ФК (Атырау)

1-орын – Целиноград ФК (Астана)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары