Әбдірасул Әбдіманапұлы: «Әлем чемпионатына барғымыз келеді»
– Бакуға қарсы матчтан кейін Лео сізді Қазақстан футзалының болашақ жұлдызы деп атады. Бұл туралы не ойлайсыз?
– Өзімді жұлдызбын деп санамаймын. Ол үшін көп еңбектеніп, ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақырту алу қажет.
– Ұлттық құрамаға шақырту алып жүрсіз. Қазір қандай сезімдесіз?
– Әрине, қуаныштымын. Бұл жақтың деңгейі жоғары екені анық. Игита секілді ойыншылармен жаттыққанда көп тәжірибе аласың.
– Биыл «Аят» пен ұлттық құрамада ойыныңызбен көзге түсіп жүрсіз.
– Барлық ойыншы өз алдына мақсат қояды. Бапкеріміз Кака да бізге ақылын айтып, мотивация береді. Биыл барлық іріктеу матчы мен жолдастық ойыны шақырту алдым. Қазір алдағы ойын біз үшін өте маңызды. Сондықтан жауапкершілікті сезінеміз. Әлем чемпионатына барып, еліміздің атын шығарғымыз келеді.
«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі