Лео Игита: «Ертеңгі ойын футболсүйер қауым үшін қызық болмақ»

Лео Игита: «Ертеңгі ойын футболсүйер қауым үшін қызық болмақ»

13 желтоқсан 2023, 17:47
Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита 2024 жылғы ӘЧ элиталы іріктеу кезеңі аясындағы матч қарсаңындағы баспасөз мәслихатында Нидерланд құрамасына қарсы ойынға дайындық жайлы айтып берді.

– Нидерланд құрамасы кейінгі үш жылда жақсы дамып келеді. Жаңа бапкер келді, әдемі ойын өрнегін көрсетуде. Алаңда жақсы қозғалады, бірін-бірі түсінеді. Матчқа жауапкершілікпен дайындалып жатырмыз. Ертеңгі ойын футзалсүйер қауым үшін қызық болмақ, өйткені біз де әдемі ойын өрнегін көрсетеміз. Десе де оңай болмайтыны анық. Нидерландтықтар да әлем чемпионатына барғысы келеді. Мүмкіндікті пайдалануға тырысатыны белгілі.

Қазір мансабымдағы соңғы серпіліс жасайтын кез келгендей. Әлем чемпионаты мен үшін соңғы турнир болады демеймін. Әлі үш жылдай Еуропа чемпионатына дейін ойнағым келеді. Әр спортшы әлем чемпионы атанғысы келеді. Егер ертең жеңіске жетсе, әлем біріншілігі жайлы ойлай аламыз. Алаңда жүз пайызға беріліп ойнаймын. Осы ойынмен, осы спортпен өмір сүремін. Қазақстан құрамасымен әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алғым келеді. Өйткені бұл елде маған мүмкіндік беріліп, өмірімді өзгертті.

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі – футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас серіктесі

Бөлісу
Жоғары