Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2024 элиталық кезеңін жеңіспен аяқтады

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2024 элиталық кезеңін жеңіспен аяқтады

21 желтоқсан 2023, 01:03
Каканың шәкірттері сырт алаңда Румыниядан басым түсті.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық  іріктеу матчында Румынияны 2:0 есебімен жеңді.

Есепті ойынның 7-ші минутында Шыңғыс Есенаманов ашты. Екінші таймда Біржан Оразов екінші голды соғып, қорытынды есепті тіркеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің элиталы раундындағы барлық матчында жеңіске жетті. Өткен турда Каканың шәкірттері келер жылы өтетін әлем чемпионатына уақытынан ерте жолдамаға ие болды.

Румыния – Қазақстан – 0:2 (0:1)

Голдар: Есенаманов 8, Оразов 26

Ескерту: Абдуманапұлы 1, Көлбаев у18

Румыния: Тоница (қ) (к), Дудэу, Илаш, Настаи, Крэчун – Лунгу (қ), Балинт, Немитану, Даниэл Араужо, Тоадер, Ходьнодь, Маня, Каньо;

Қазақстан: Серіков (қ), Валиуллин, Есенаманов, Кнауб, Абдуманапұлы – Игита (қ) (к), Карменов, Тұрсағұлов, Тайбасаров, Оразов, Көлбаев, Қайырбай, Төреғазин, Дәрібай;

Төрешілер: Главонич, Янсизян, Герджалиу (бәрі– Швеция);

20.12.2023. «Валентин Стэнеску», Бухарест, Румыния.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары