Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

21 желтоқсан 2023, 23:23
Футзалдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының қожайыны – Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Жолдастық кездесулер Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына дайындық аясында болады.

Матчтар 2024 жылдың 8 және 10 сәуірінде Ташкент қаласында өтеді.

Айта кетейік, 2021 жылы Астанада Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өзара екі жолдастық кездесу өткізген. Алғашқы ойын 3:1 есебімен Кака шәкірттерінің жеңісімен аяқталса, екінші матч 4:6 есебімен Өзбекстан футзалшылары жеңді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары