FC 24-тен Қазақстан құрамасына іріктеу турниріне тіркеу басталды

FC 24-тен Қазақстан құрамасына іріктеу турниріне тіркеу басталды

24 желтоқсан 2023, 17:10
Киберфутболдан FC 24 тәртібі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турниріне тіркеу басталады.

Тіркеу 13 қаңтарға дейін Battlefy платформасында қолжетімді болады. Іріктеу кезеңінің форматы тіркелген ойыншылар санына байланысты. Егер қатысушылар саны 64-тен асса, «әркім бір-бірімен» кездеседі. Ойындар 13-14 қаңтарға жоспарланған. Сондай-ақ турнирге қатысатындар саны 64-тен аспамаса, Single Elimination форматында екі матчтан өтуі мүмкін.

Үздік шыққан 16 киберфутболшы  20-21 қаңтарда өтетін екі матчтан тұратын Double Elimination форматындағы плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Іріктеуде үздік болған үш киберфутболшы FC 24-тен UEFA eEuro 2024 турнирінің топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында бақ сынауға мүмкіндік алады.

Қазақстан құрамасына іріктеуге қатысу үшін мына талаптарға сай болуыңыз шарт:

– тіркелу сәтінде жасыңыз 18-ден асуы қажет;

– Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжаты болуы;

– УЕФА қатысушы-елдері біреуінің резиденті болу (Қазақстан Республикасы резиденті болуы шарт емес).

– ҚР азаматтығы бар, бірақ шетелде жүрген азаматтар да турнирге қатыса алады.

Киберфутболдан Қазақстан құрамасының іріктеуге тіркелу үшін Battlefy платформасына мына сілтеме арқылы өтіңіз.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары