Қазақстан жастар құрамасы Шотландияда жеңіліс тапты

Қазақстан жастар құрамасы Шотландияда жеңіліс тапты

22 наурыз 2024, 01:50
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Шотландияға қарсы матч өткізді.

Пейсли қаласында өткен кездесу Шотландия құрамасының пайдасына 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан жастар құрамасы сапында жалғыз гол соққан – Ян Труфанов.

Келесі матчта Константин Горовенко шәкірттері 26 наурыз күні Алматыда Мажарстан құрамасын қабылдайды. Ойын Орталық стадионда сағат 19:00-де басталады. Билеттер ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Шотландия U-21 – Қазақстан U-21 – 4:1 (3:0)

Голдар: Дойг 19, Кэмерон 24, Конвей (пен) 38, Фиорини 55 – Труфанов (пен) 68

Ескертулер: Қалмырза 30, Труфанов 77, Қалдыбеков 90+3

Шотландия U-21: Сликер (қ), Джонстон (Девайн 75), Кинг, Моррисон, Боуат, Баррон, Кэмерон, Дойг (к), Боуи (Мебуде 60), Конвей (Меллон 89), Фиорини (Маккиннон 75);

Қосалқы құрам: Ньюман (қ), Ангелини (қ), Денхолм, Нилсон, Андерсон;

Аға бапкер: Скот Геммилл.

Қазақстан U-21: Анарбеков (қ), Кургин (Нырков 46), Қалмырза, Қасабулат, Широбоков, Ткаченко (Мрынский 79), Назымханов, Халматов, Есімбеков​ (Қалдыбеков 60), Митрофанов (Анкудинов 60), Труфанов (Абдулла 85);

Қосалқы құрам: Пивкин (қ), Жұмаханов, Асқаров, Бердібек, Жақсылық;

Аға бапкер: Константин Горовенко.

Төрешілер: Свен Яблонски, Лассе Козловски, Эдуард Бейтингер, Патрик Альт (барлығы – Германия);

21.03.2024. «Сент-Миррен Парк», Пейсли, Шотландия.

Бөлісу
Жоғары