ҚФФ президенті Ыстамбұлдағы УЕФА жиынына қатысты

ҚФФ президенті Ыстамбұлдағы УЕФА жиынына қатысты

25 сәуір 2024, 17:30
Ыстамбұлда (Түркия) УЕФА Ұлттық ассоциациялар комитетінің отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты.

Кездесуде UEFA Assist бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары, сондай-ақ UEFA Grow аясындағы жұмыстың қорытындысы талқыланды.

UEFA Assist жобасы үздік тәжірибелерді өзгелермен бөлісіп, УЕФА-ға мүше қауымдастықтар мен басқа бес конфедерацияларға көмектесуге бағытталған.

UEFA Grow бағдарламасы 2015 жылы ұлттық қауымдастықтардың қатысуымен еуропалық футболды жүйелі және стратегиялық дамыту мақсатында іске қосылды.

Жиында Әділет Барменқұлов УЕФА мен Комитет мүшелеріне елімізде футболды дамытуға бағытталған ҚФФ бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Сонымен қатар кездесуде UEFA Assist бағдарламасы аясында Қазақстанда қыздар құрамалары арасында халықаралық УЕФА жолдастық турнирін ұйымдастыру және  Комитеттің келесі отырыстарының бірін Қазақстанда өткізу туралы шешімдер қабылданды.

Бөлісу
Жоғары