Астанада жағажай футболы мен футзал төрешілеріне арналған семинар өтіп жатыр
Үш күнге созылатын білім беру бағдарламасын ҚФФ Төрешілік ету және инспекциялау департаментінің директоры Александр Перемитин және отандық мамандар Алмас Аббасов пен Валерий Салимов жүргізеді.
Жиын барысында төрешілер 2024 жылғы маусымның плей-офф матчтарына дайындалып, төрешілердің дайындығы тексеріледі. Сондай-ақ теория мен практика сабақтары өтіп, видеоқаралым және ойын ережесіне енгізілген соңғы өзгерістер талқыланады. Төрешілер физикалық дайындық, төрешілік әдістемесі мен теория бойынша бақылау нормативтерін орындайды.
Жалпы саны семинарға 13 маман қатысады. Олар: Роман Дзусов (Ақтау), Артем Ерохонович (Семей), Төрехан Тұрсымбаев (Астана), Ербол Жиембетов (Орал), Нұрлыбек Қалымағанбетов (Ақтау), Андрей Грищенко (Рудный), Максим Карюкин (Көкшетау), Александр Стрелков (Тараз), Әзімжан Қошалиев (Тараз), Айдын Көбейқұлов (Тараз), Аслан Галаев (Қостанай), Ілияс Құдайбергенов (Ақтөбе), Азамат Ахметов (Алматы).