Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай діни конфессиялар арасында турнир өтті

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай діни конфессиялар арасында турнир өтті

01 мамыр 2024, 19:47
Футбол үйінде шағын футболдан дәстүрге айналған «Діни конфессиялар арасында Қазақстан Футбол Федерациясының Достық кубогы» турнирі өтті.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған турнир Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының қолдауымен өтті. Бұл іс-шара  бейбітшілік пен келісім мәдениетінің ажырамас элементі саналатын дінаралық және конфессияаралық диалогты нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, турнир алғаш рет былтыр өтіп, әр түрлі дін өкілдері арасындағы дәстүрлі жарысқа айналып келеді.

Турнирдің салтанатты ашылуына Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, Қасиетті Тақтың Апостолдық нунциосы, Ватиканның Қазақстандағы Елшісі архиепископ Джордж Джордж Панамтундил, Евангелиялық сенім христиандары Одағы төрағасының орынбасары Игорь Цай және Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты.

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов футболдың әр түрлі діндер арасындағы құрмет пен ынтымақтастығында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Футбол ұлттарды біріктіретін жақсылықтың жаршысы. Бәріміз білетіндей, бүгінгі таңда Қазақстанда 18 конфессия 3800-ден астам әр түрлі діни ұйымдар бар. Екінші мәрте УЕФА-ның қолдауымен өтіп жатқан бұл турнир ұлттық бірегейліктің, мәдени әртүрліліктің және әлеуметтік ынтымақтастықтың бейнесі», – деді Барменқұлов.

ҚФФ Кубогында әр түрлі діни бірлестік қауымынан 17 команда бақ сынады.

1. Алаш (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы)

2. Тұран (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы)

3. ProSport (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы)

4. Fatima (Астана қаласының Рим-Католик шіркеуі)

5. Catholics Team (Астана қаласының Рим-Католик шіркеуі)

6. Агапе (Евангелиялық Қазақстан Сенімі Христиандарының Шіркеулер Одағы)

7. Полное Евангелие (Евангелиялық Қазақстан Сенімі Христиандарының Шіркеулер Одағы)

8. Шаңырақ («Астана қаласы «Шаңырақ» Евангелиялық Христиан қауымы»)

9. Salem Youth («Сәлем» Евангелиялық христиан баптистерінің Астана қауымы»)

10. Salem («Сәлем» Евангелиялық христиан баптистерінің Астана қауымы»)

11. ЕХБ («Евангелиялық Христиан Баптисттерінің шіркеуі»)

12. Nazarene (Астана қаласы Евангелиялық «Назареттік шіркеуі»)

13. Восточная («Астана қаласының «Шығыс» Христиан-Пресвитериан шіркеуі)

14. Бахаи («Астана қаласының Бахаи қауымдастығы»)

15. Астана қ. Діндерді зерттеу орталығының командасы-1

16. Астана қ. Діндерді зерттеу орталығының командасы-2

17. Дін істері жөніндегі басқарма

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Pro Sport» командасы алды. Екінші орын «Шаңырақ» командасына бұйырды. Үздіктер үштігін «Алаш» командасы түйіндеді. Жеңімпаз командаға «Діни конфессиялар арасындағы Достық кубогы» табысталып, командалар ҚФФ-дан естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ жеке марапаттар да табысталды:

Үздік қақпашы – Нұрбек Құрмет (Бахаи қауымдастығы)

Үздік қорғаушы – Алексей Гырбу («Шаңырақ»)

Үздік шабуылшы – Тамерлан Меркенов («Алаш»)

Үздік ойыншы – Айболат Абдірахманов («Pro Sport»)

Жарысқа қатысушылар қазіргі заманда діни толеранттылық пен конфессияаралық келісім Қазақстанның негізгі құндылығы екенін атап өтті. Қазіргі қоғамда конфессияаралық толеранттылық пен толерантты сана көзқарасын қалыптастыру қоғамда тәрбиелік маңызы бар.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары