Алматыда футбол клубтарының басшыларына арналған «Футбол менеджменті» офлайн-интенсиві басталды

Алматыда футбол клубтарының басшыларына арналған «Футбол менеджменті» офлайн-интенсиві басталды

04 мамыр 2024, 00:42
Алматыда футбол клубтарының басшылары спорт менеджменті саласында біліктілікті арттыру бойынша стратегиялық міндетті іске асыру аясында оқып жатыр.

Оқыту бағдарламасы AlmaU жоғары оқу орнында 5 мамырға дейін өтеді. Бағдарламаның ашылуына Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қатысты. 

ҚФФ басшысы футбол әлемінде күн сайын бәсекелестік артып келе жатқанын, футбол клубтарының басшыларына спорт менеджменті саласын білімі мен біліктілігін арттыру керегін атап өтті. 

«Спорт менеджментін оқып, біліктілігін жоғарылату футбол клубтарының басшылары үшін футбол бизнес индустриясын құру мен клубтардың тиімділігін арттыру мақсатын іске асыруда маңызды қадам. Менеджменттен терең білімі алып, қабілетімізді шыңдап отырған сайын спортымызды дамыта аламыз» – деді Әділет Барменқұлов.

Айта кетейік, бұл курс келесі негізгі аспектілерді қамтиды::

1.⁠ ⁠Спорт менеджментіне кіріспе: Спорт менеджментінің негізгі аспектілеріне шолу және оның футбол клубтарын сәтті басқарудағы маңызы.

2.⁠ ⁠Команданы басқару: команда мүшелерін басқару техникасы мен әдістері, соның ішінде ойыншыларды ынталандыру, командалық рухты дамыту мен түсініспеушіліктердің алдын-алу.н

3.⁠ ⁠Қаржылық менеджмент: футбол клубтарының қаржысын басқару, қаржылық жоспарлау мен бюджеттеудің негіздері.

4. Трансфер саясаты: трансфер бюджетін оңтайландыру мен трансфер нарығын зерттеу, 

5.⁠ ⁠Маркетинг пен брендинг: футбол клубының брендін дамыту, демеушілер мен жанкүйерлерді қызықтыру үшін маркетинг стратегиясын дамыту

6.⁠ Спорттағы технологиялар: клубты басқару, ойынды талдау, жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін инновациялық заманауи технологияларды, деректерді талдауды және инновациялық тәсілдерді қолдану.

7.⁠ ⁠Құқықтық аспектілер: футбол клубын басқаруға қатысты негізгі құқықтық мәселелер, соның ішінде еңбек заңнамасы, трансфер ережелері және агенттік келісімдер.

8.⁠ ⁠Дағдарыс кезеңде басқару: нәтижелердің төмендеуі, қаржылық мәселелер немесе беделді дағдарыстар сияқты дағдарыстық жағдайларды жеңу стратегиялары.

Бөлісу
Жоғары