Электр қуатын үнемдеу: тұрақты дамудың кілті
Бүгін әйелдер ұлттық құрамасының капитаны Юлия Мясникова осы сұрақтың қандай маңызды екені туралы пікірін бөліседі.
Электр қуатын үнемдеу – бұл электр энергиясына төлемдерді азайтудың әдісі ғана емес. Бұл қоршаған орта мен экономикаға әсер ететін тұрақты даму стратегиясының негізгі элементі. Электр қуатын тиімді пайдалану электр қуатына шығынды азайтып қана қоймай, қоршаған ортаға зиян көміртегі шығарындыларын азайтады.
Біздің әлемде кез келген энергияның маңызы зор. Өйткені оларды сақтап қалу қажеттілікке айналып келеді. Сондықтан электр қуатын үнемдеу тәсілдерін күнделікті өмірге енгізу әрбір адам мен ұйымға өзекті мәселеге айналады.
Дәл осы үшін Қазақстан футбол федерациясы бәрін электр қуатын үнемдеуге шақырады. Біздің аз ғана жасаған қадамымыз болашақта планетамызға үлкен өзгерістер әкелуі мүмкін. Болашақ ұрпақ үшін тұрақты әлем құру үшін бірге жұмыс істейік.