Пластмассамен күрес: тұрақты болашаққа қадам

Пластмассамен күрес: тұрақты болашаққа қадам

08 мамыр 2024, 00:18
Қазақстан футбол федерациясы пластмассаны қолдануға қарсы күреске шақыру арқылы тұрақты дамуға ұмтылысын жалғастырып жатыр. Қазақстан футзалының жұлдызы Шыңғыс Есенаманов қоғамға үндеу жасайды.

Табиғатты пластамассадан қорғау қаншалықты маңызды? Пластамасса - ыңғайлы материал ғана емес, өте маңызды заманауи экогологиялық проблеманың бірі. Жыл сайын пластамассаның миллиондаған тоннасы мұхитқа түсіп, суды ластап қана қоймай, жануарлар мен өсімдіктерге, сосын қорек тізбегі арқылы адам денсаулығына да зиянын келтіреді. 

Пластамасса табиғатта өздігінен ыдырамайды, сол себепті жүздеген жылдар бойы микробөлшектер күйінде сақталады. Су мен тамақ арқылы адам ағзасына түсіп, зиянын келтіріп қана қоймай, планетамыздың биологиялық әр түрлілігіне әсер етеді.

Сол үшін қазір әрекетке көшетін уақыт келді. Күнделікті өмірде пластамассаны қолдануды азайту арқылы бәріміз өз үлесімізді қоса аламыз. Баламалы экологиялық таза материалдарға көшу және бұрыннан қолданылған пластикті қайта өңдеу - тұрақты әлем құрудың алғашқы қадамдары.

Қазақстан футбол федерациясының пластамассаны қолдануға қарсы күресіне қосылыңыз. Біздің планета - біздің ортақ үйіміз. Тек күшімізді біріктіріп, болашақ ұрпаққа таза күйінде жеткізе аламыз.

Бөлісу
Жоғары