Мадияр Кембілов: «Ойынға қойылған жоспарды орындап, стратегиямыздан айнымауымыз қажет»

Мадияр Кембілов: «Ойынға қойылған жоспарды орындап, стратегиямыздан айнымауымыз қажет»

30 мамыр 2024, 20:10
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов Еуро-2025 іріктеу кезеңі аясында өтетін Арменияға қарсы матчқа дайындық жайлы айтып берді.

- Дайындық жоспар бойынша өтіп жатыр. Қыздар ойынға дайын. Өкінішке қарай, қатардан шығып қалған ойыншыларымыз бар. Капитанымыз Юлия Мясникова мен орталық қорғаушы Әйгерім Айтымованың жарақаты бар. Ал ертеңгі матчта неге дайындалғанымызды көреміз. Әрине, қонақта әркез қиын, бірақ қыздар соңына дейін ойнайды. Бұған күмән жоқ.

Қыздар жарады, бірінші минуттан соңына дейін ойнайды. Қандай есеп тіркелмесе де, жеңсек те, жеңілсек те қыздар барын салады.

Армения құрамасы ойыншыларының басым бөлігі Ресейде доп тебеді. Эстония мен АҚШ-та да бар. Америкалық екі ойыншыға азаматтық берген. Егер салыстыратын болсақ, біздің қыздардың дені Қазақстан чемпионатында ойнайды. Бірақ бұған назар аудармау керек. Ойынға қойылған жоспарды орындап, стратегиямыздан айнымауымыз қажет. 

«OLIMPBET» букмекерлік кеңсесі – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас серіктесі

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры – Қазақстан әйелдер футбол командасының бас серіктесі

«Sport Qory» спортты қолдау қоры Қазақстан құрама командаларының серіктесі 

Бөлісу
Жоғары