Руслан Балтиев: «25 ойыншымыздың барлығы тас-түйін дайын»

Руслан Балтиев: «25 ойыншымыздың барлығы тас-түйін дайын»

10 маусым 2024, 22:51
Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Руслан Балтиев Әзербайжанмен болатын матч туралы пікірін айтты.

– Ойынға біздің барлық футболшымыз дайындалып жатыр. 25 ойыншымыздың барлығы тас-түйін дайын. Кез-келген уақытта матчқа шыға алады. Бірақ барлығын бірдей шығара алмаймыз ғой. Осы тұста жігіттерге рақмет айтамын. Олар өзінің жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды, алаңға шыға алмаса да түсіністік танытады. Әлібек Қасым? Ол «Ақтөбеде» тұрақты ойнап келеді. Әлібек – негізгі құрамда шығатын мүмкіндікке ие болған футболшы. Ал қалғанының барлығы оның өз қолында. Бізге салса, Әлібектің ұлттық құрамадағы болашағы зор деп есептейміз. Бірақ әрі қарай қалай болатыны тек қана Әлібектің өзіне байланысты.

– Руслан Тахирұлы, қазір сіз бас бапкердің көмекшісісіз. Келешекте бас бапкер болу жоспарыңызда бар ма?

– Құрамадағы жігіттердің барлығы нағыз кәсіби шеберлер. Иә, өте қызық жұмыс. Тәжірибе алып жатырмын. Қазір жинап жатқан тәжірибем мен үшін өте маңызды. Кейін қажет болады. Бапкерлік мансабымда мұның зор пайдасы тиеді деп есептеймін. Әрине, үйренетін дүние өте көп. Осы тәжірибемнің арқасында бапкерік шеберлігім шыңдалуда. Жеке өз басым нақты осы командамен, осы футболшылармен жұмыс істеу бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Неге олай дейсіздер ме, өйткені, бұл жұмыс аса қиын емес. Себебі, құрамадағы жігіттердің барлығы нағыз кәсіби шеберлер. Бәрі де маған қолдау білдіріп жатыр. Жасыл алаңда ғана емес, одан тыс қолдауда. Сондықтан, дәл осы жерде болу мен үшін үлкен абырой. Осындай тәжірибе жинап жатқаныма қатты қуаныштымын.

Бөлісу
Жоғары