Қазақстан жасөспірімдер арасында футзалдан Еуро-2025 қабылдауға өтініш берді 

Қазақстан жасөспірімдер арасында футзалдан Еуро-2025 қабылдауға өтініш берді 

21 маусым 2024, 16:43
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан футзал қауымдастығымен бірлесіп 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футзалдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін өткізуге өтініш берді.

Еуропа чемпионатын қабылдайтын ел туралы шешім 2024 жылдың қыркүйегінде УЕФА Атқару Комитетінің отырысында қабылданады. Өтініш қабылданған жағдайда турнир Астанада өтеді, ал Қазақстан жасөспірімдер құрамасы автоматты түрде Еуро-2025 финалдық кезеңінің қатысушысы болады.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі футзалдан Еуропа чемпионаты 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

17 мау., 15:50
Жоғары