Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчтарында қызмет етеді

Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы матчтарында қызмет етеді

22 шілде 2024, 13:10
Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінің матчтарына тағайындалды.

Саят Қарабаев бастаған төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Динамо» Батуми (Грузия) мен «Дечич» (Қаратау) арасындағы алғашқы матчта қызмет етеді. Оған Алексей Долгих пен Дмитрий Белоградов көмектессе, төртінші арбитр ретінде Рустам Омаров жұмыс істейді.

Ойын 24 шілде күні «Батуми Арена» стадионында Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Сондай-ақ Данияр Сахи бастаған төрешілер «Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль) мен «Черно море» (Болгария) арасындағы матчта төрешілік етеді. Көмекшілері: Сергей Васютин, Самат Тергеусізов, Сәкен Байымбет

Айта кетейік, «Хапоэль» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев өнер көрсетеді. 

Матч 25 шілде күні сағат 22:00-де Болгариядағы «Ловеч» стадионында өтеді.

Бөлісу
Жоғары