Футзалдан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Футзалдан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

07 тамыз 2024, 17:02
Алматыдағы жиынға 21 футболшы шақырылды.

Оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталды. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасады.

Артынша команда 5 қыркүйекке дейін Астанада жаттығады. Екінші ОЖЖ барысында Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамыз күндері «Сайран Аренада» ойнайды.

Сосын Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйек күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында өтеді. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен кездеседі. Матч «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

ОЖЖ-ға 21 футболшы шақырту алды. Нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Айта кетейік, биыл Әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездеседі.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков, Ерасыл Шарапиденов, Қанат Жеткірбаев;

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Лео, Азат Валиуллин, Шыңғыс Есенаманов, Абдурасул Абдуманапұлы, Арнольд Кнауб, Қайрат Иманалин, Төрехан Досов, Жахангир Рашит, Нұрқанат Бахтияров, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Семен Тарасенко, Дамир Қайырбай.

Бөлісу
Жоғары