ФИФА өкілдері Гайоз Дарсадзе мен Марьян Пахарь Қазақстанға келді

ФИФА өкілдері Гайоз Дарсадзе мен Марьян Пахарь Қазақстанға келді

12 қыркүйек 2024, 15:31
ФИФА-ның аймақтық техникалық кеңесшісі Гайоз Дарсадзе Марьян Пахарьмен бірге FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы бойынша Қазақстандағы кеңесшісі қызметін ресми түрде тапсыру үшін Алматыға келді.

Футболшы мансабында «Саутгемптон» клубының және Латвия ұлттық құрамасының намысын қорғаған, ал қазір FIFA High Performance департаментінің мүшесі Марьян Пахарь 15 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы ұлттық академиясының техникалық кеңесшісі Стюарт Холлмен бірге жұмыс істейді.

Сондай-ақ Гайоз Дарсадзе мен Марьян Пахар Қазақстанға сапары барысында Талғардағы ұлттық құрамалар базасымен танысып, 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойынын тамашалады.

 

Бөлісу
Жоғары