ҚФФ UEFA Playmakers жобасын кеңейтуде: жоба Ақтөбеде іске қосылды
Бұл шара еліміздің футбол астанасында ерекше бағдарламаның басталуына орай ұйымдастырылды.
Үш күндік оқу барысында педагогтар жобаның қыздардың футбол дағдыларын қиялды пайдалану арқылы дамытуға бағытталған әдістемесін жан-жақты меңгерді. Алғашқы екі күн теориялық сабақтарға арналса, үшінші күні тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
№49 орта мектепте өткен тәжірибелік сабаққа бастауыш сынып оқушылары шақырылды. Қыздар үлкен қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, футболға деген шынайы ықыластарын көрсетті. Қанық күн естелік сыйлықтарды табыстаумен аяқталды, ал мұғалімдерге оқу бағдарламасынан өткендігі туралы сертификаттар берілді.
UEFA Playmakers жобасы 5-8 жас аралығындағы футбол ойнап көрмеген қыздарды спортқа тартуға бағытталған. Жобаның мақсаты – қыздарға ойын арқылы футболмен танысуға қолайлы әрі достық орта жасау, дене шынықтыру сауаттылығын дамыту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және заманауи жаттықтырушылық әдістерді енгізу.