Қазақстан – Дания матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан – Дания матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

31 қаңтар 2025, 17:22
Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан мен Дания ұлттық құрамалары арасындағы Еуро-2026 іріктеу матчына билеттердің онлайн сатылымы басталғанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Данияны қабылдайды.

Матч Астана қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Бағасы – 1500 теңгеден басталады.

Бөлісу
Жоғары