Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына арналған кеңейтілген құрамы

Тізімге 36 ойыншы енді.
Ойыншылардың нақты тізімі шыққанға дейін өзгерістер болуы мүмкін.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Мәди Хасейн («Жеңіс»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков, Жан Әли Пайруз (екеуі де – «Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Давид Есімбеков («Жетісу»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. 22 наурызда Уэльс, ал екі күннен соң Лихтенштеймен матч болады.