Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры қызметіне кірісті

Нуну Алешандре Паррейра де Каштру ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры қызметіне кірісті

04 сәуір 2025, 20:29
ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің жаңа директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру қызметіне кірісіп, төрешілер корпусын жан-жақты бағалауды жүргізуде.

Қазіргі уақытта португалиялық маман қолданыстағы үдерістер мен құрылымдарды зерттеуді жалғастырып, департамент жұмысындағы тәртіп пен ашықтық мәселелеріне ерекше назар аударуда.

Айтарлықтай кәсіби тәжірибе мен жүйелі басқару тәсіліне ие Нуну Каштру даму бойынша негізгі бағыттарды анықтап, барлық деңгейдегі жұмысты жетілдіруге нақты қадамдар ұсынды.

ҚФФ Нуну Каштрудың кәсіби тәжірибесі мен тәсілі еліміздегі төрелік деңгейін арттыруға және департамент жұмысында оң өзгерістерге ықпал ететініне сенімді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары