Астанада қыздар арасында футзалдан QFSQL Студенттік лигасының финалдық кезеңі басталды

Еліміздің 11 облысы мен қаласынан келген 15 үздік команда — 6 университет және 9 колледж ұжымдары — чемпиондық үшін бақ сынайды.
Финалға қатысатын университеттер:
-
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.);
-
Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті (Шымкент қ.);
-
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау қ.);
-
Назарбаев Университеті (Астана қ.);
-
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ.);
-
«Туран» университеті (Алматы қ.).
Финалға қатысатын колледждер:
-
Қарағанды жоғары BOLASHAQ колледжі (Қарағанды қ.);
-
Талғар жоғары медициналық колледжі (Алматы облысы);
-
Шымкент жоғары педагогикалық колледжі (Шымкент қ.);
-
Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжі (Астана қ.);
-
Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық жоғары колледжі (Петропавл қ.);
-
Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, Мұрын жырау Сенгірбекұлы атындағы (Ақтау қ.);
-
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі (Алматы қ.);
-
Талдықорған жоғары медициналық колледжі (Талдықорған қ.);
-
Ақтөбе индустриялық-кәсіби колледжі (Ақтөбе қ.).
Барлық матчтар Қазақстан футбол федерациясының KFF Zhastar YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 3-4 мамыры күндері командалардың бапкерлері мен өкілдеріне арналған D санатты жаттықтырушы лицензиясын алу бойынша оқу курсы ұйымдастырылады.