Футзалдан Қазақстан құрамасының жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды

24 наурыз 2026, 18:00
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какау сәуір айында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 5-15 сәуір аралығында өтеді. Жиын аясында Какаудың шәкірттері Әзербайжан құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 13 және 15 сәуір күндері Ақтау қаласында өтеді.

Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Нарун Серіков («Ақтөбе»), Дәулет Затыбеков («Тұлпар»).

Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (бәрі – «Қайрат»), Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдуманапұлы, Ержан Карменов (бәрі – «Семей»), Азат Валиуллин («Аят»), Жахангир Рашит («Атырау»), Ақжол Дәрібай («Тұлпар»), Дамир Қайырбай («Каспий»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Ақеділ Мадияров («Бәйтерек»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).

Бөлісу
Жоғары