Қарсыласқа шолу: Намибия

Қарсыласқа шолу: Намибия

19 наурыз 2026, 12:17
Намибия футбол қауымдастығы 1990 жылы ел тәуелсіздік алғаннан кейін құрылды. 1992 жылы ұйым FIFA құрамына кірді және CAF қатарына қосылды.

Бүгінде Намибия құрамасы ұлттық құрамалар арасындағы FIFA рейтингінде 118-орында тұр.

Намибия құрамасы алғашқы ресми кездесуін 1990 жылы Маврикий құрамасына қарсы өткізіп, 1:2 есебімен жеңілген.

Команда Африка Ұлттар кубогының финалдық кезеңіне төрт рет қатысқан (1998, 2008, 2019 және 2023 жылдары). Ең үздік нәтижесі — 2023 жылы 1/8 финалға шығуы.

Елдің басты стадионы — ел астанасы Виндхук қаласында орналасқан «Тәуелсіздік стадионы». Арена 25 000-ға жуық көрерменге арналған және ұлттық құраманың негізгі алаңы саналады.

Намибиядағы ең титулды клуб — Black Africa. Бұл команда ел чемпионатын 10 мәрте жеңіп алған.

Ұлттық құраманың тарихындағы үздік бомбардир — Питер Шалулиле. Ол 52 матчта 19 гол соққан.

Ал құрамада ең көп ойын өткізген ойыншы — қорғаушы Дензил Гаосеб.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары