Қазақстан футбол федерациясының делегациясы UEFA Pro тәжірибе алмасу бағдарламасына қатысты
Делегация құрамында ҚФФ техникалық директоры Геннадий Скуртул, сондай-ақ ҚФФ нұсқаушылары Станислав Погорелов пен Нұржан Әбілдаев болды. Сонымен қатар, бағдарламаға Қазақстаннан UEFA Pro санаты бойынша жаттықтырушылық курс тыңдаушылары да барды.
Іс-шараға Беларусь, Финляндия, Грузия, Қазақстан, Черногория және Шотландия ұлттық қауымдастықтарының өкілдері келді.
Бағдарлама заманауи жаттықтырушылық ойлау жүйесін дамытуға бағытталып, Еуропа футболындағы өзекті үрдістерді талдау, ойын философиясынан жаттығу әдістемесіне көшу, УЕФА турнирлеріндегі матчтарды талдау, сондай-ақ көшбасшылық пен команданы басқару мәселелерін қамтыды. Сонымен қатар, ойын аналитикасы, қақпашыларды және әйелдер футболын дамыту тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Жұмыс барысында қатысушылар бейнематериалдар негізінде жеке және топтық тапсырмалар орындап, тактикалық өзгерістерді талдады, халықаралық топтардағы жұмысын таныстырып, ұлттық қауымдастықтар арасында тәжірибе алмасты.
Спикерлер қатарында әлемдік деңгейдегі жетекші мамандар мен жаттықтырушылар Шон Дайч, Анже Постекоглу, Пиа Сундхаге, сондай-ақ УЕФА-ның аналитикалық орталығының өкілдері мен нұсқаушылары болды.
Отандық мамандарға аталған бағдарлама қатысу жаттықтырушылық білім берудің озық тәжірибелерімен танысуға, еуропалық әріптестермен тәжірибе алмасуға, ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жүйесін УЕФА құрылымына одан әрі кіріктіруге және Қазақстандағы UEFA Pro курстарын дамытуға арналған практикалық құралдарды меңгеруге мүмкіндік берді.