Қазақстан U-17 құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеуі кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды

Қазақстан U-17 құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеуі кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды

15 наурыз 2026, 18:30
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты А лигасына қатысатын ойыншыларының тізімі жарияланды.

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы А лигасында 4-топта Чехия, Аустрия және Дания ойнайды.

Матчтар 2026 жылдың 25-31 наурыз күндері аралығында Данияда өтеді. 28 құрама жеті топқа, жолдама үшін бақ сынайды. Финалдық кезең 25 мамыр – 7 маусым 2026 аралығында Эстонияда өтеді.

Бауыржан Сағындық бастаған жасөспірімдер құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Тізімге 24 ойыншы енді:

Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Шахтер»), Камиль Гайнуллин («Қайрат»).

Қорғаушылар: Жәнібек Жайлаубек («Шахтер»), Марлен Әміренов, Әлфир Ханафи, Әбди Әлихан, Мансур Авасханов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Азатқазы («Хан Тәңірі»), Ислам Рақым («Қайрат»), Мейірлан Балтабаев («Шахтер»), Никита Лисохмар («ҚФФ Академиясы»).

Жартылай қорғаушылар: Әлихан Жұмабек, Дамир Юсупбеков (екеуі де – «Қайрат»), Ринат Бейбітов («Ақтөбе»), Шәріпхан Шәріпжан («Хан Тәңірі»), Әділхан Оспан («Ордабасы»), Арман Ахмет («Жас Қыран»).

Шабуылшылар: Дигдар Омаров, Расул Әкімов (екеуі де – «Шахтер»), Роман Черноморец («Қайрат»), Расул Досан («Атырау»), Мағзұм Жоламан («Каспий»), Абылай Жылқайдар («Қайрат»), Әнуар Төленді («ҚФФ Академиясы»).

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Асхат Құсайынов – дене даярлығы бапкері, Игорь Солошенко – аға бапкердің көмекшісі, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Азамат Серікбаев – видеооператор, Әнуар Жандарбеков – менеджер, Шыңғыс Өмірбаев – әкімші, Станислав Ведлер – массажист, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер.

U-17. 2025/26 жылғы Еуропа чемпионаты. 2 кезең. 4-топ

25 наурыз

Аустрия U-17 - Қазақстан U-17

Дания, Хельсингор стадионы

 

28 наурыз

Қазақстан U-17 - Дания U-17

Дания, Хельсингор стадионы

 

31 наурыз

Қазақстан U-17 - Чехия U-17

Дания, Хельсингор стадионы

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары