Футзалдан әйелдер құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Футзалдан әйелдер құрамасына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

11 наурыз 2026, 20:34
Биыл футзалдан W құрамасы 2027 жылғы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінің ойындарына қатысады.

Матчтар Норвегияда өтеді. А тобындағы қарсыластарымыз - Чехия, Беларусь және Норвегия. Ол 17-22 наурыз аралығында өтеді. 

Футзалдан W ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов шақырылған ойыншылар тізімін жариялады. 

Қақпашылар: Гейниц Светлана, Зулейра Әбішева (екеуі де «Қайрат»)

Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы «Қайрат»),  Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де «Атырау»), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де «Ақтөбе»), Айсана Зекен («Астана»), Людмила Коноплева («Alliance Астана»), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де «Қайрат» футзал).

Бапкерлік штаб құрамы төмендегідей:

Сәкен Наукенов - аға бапкер, Ақжол Серікжанов - аға бапкердің көмекшісі, Жандос Әлиайдаров -қақпашылар жаттықтырушысы, Искандер Геймат - дене даярлығы жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Ойбек Пулатов - массажист, Әлім Қайырлы - менеджер.

Бөлісу
Жоғары