Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатына іріктеуде Беларусь құрамасына жол берді

Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатына іріктеуде Беларусь құрамасына жол берді

07 наурыз 2026, 15:58
Астанада әйелдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің екінші тур матчы аяқталды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Бегайым Қырғызбаева шәкірттері Беларусь құрамасына қарсы ойнады. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтті.

Матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңіліс тапты. 37-минутта Карина Жұмабайқызы пенальтиді мүлт жіберді.

Екі турдан кейін Қазақстан әйелдер құрамасы 6-топта 3 ұпаймен екінші орында келеді.

Қазақстан W – Беларусь W – 0:1

Гол: Синауская 71.

Қазақстан W құрамы:
Портнова (қақпашы), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Тучина 83), Хайрулина, Жұмабайқызы (Абдуллаева 68), Норбаева (Бекхожина 83), Бабшук (капитан), Гайстенова (Сатығалиева 61), Бибосынова (Алданазар 61).

Қосалқы құрам: Исмайлова (қақпашы), Зейнали (қақпашы), Шустова, Сункарова, Рахатжан, Мамырова, Турлыбекова.

Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева

Беларусь W құрамы:
Воскобович (қақпашы), Слесарчик, Козюпа, Ситникава, Капустина (Казакевич 86), Линник (капитан), Белая, Синауская, Шлапакова (Сергейчик 86), Суровцева (Валюк 68), Алховик (Кавалева 61).

Қосалқы құрам: Виноград (қақпашы), Свидунович (қақпашы), Киянка, Пинчук, Манюкова, Капуша, Рай, Чарленак.

Бас бапкер: Вячеслау Хрихарау

Төрешілер: Мисъя, Йовичич, Шкрбан, Чесен (барлығы Словения).

2026 жылғы 7 наурыз. «Астана Арена», Астана.

Бөлісу
Жоғары