FIFA сарапшылары Қазақстандағы бұқаралық футболды дамыту есебін ұсында

FIFA сарапшылары Қазақстандағы бұқаралық футболды дамыту есебін ұсында

04 наурыз 2026, 14:14
Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен FIFA-ның бірлесуімен өткен іс-шарасы аяқталды.

Кездесуде ҚР-дағы бұқаралық және әуесқой футболды дамытуға жүргізілген ауқымды талдау қорытындылары талқыланды.

FIFA-ның Жаһандық футболды дамыту департаменті 2023–2025 жылдар аралығында елдегі қолданыстағы құрылымдар, басқару тетіктері және бұқаралық футболдың одан әрі даму әлеуетіне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесінде негізгі тұжырымдар мен тәжірибелік ұсынымдарды қамтитын аналитикалық есеп дайындалды.

Іс-шарада FIFA-ның техникалық сарапшылары зерттеу нәтижелерін ҚФФ қызметкерлері мен шақырылған мамандарға таныстырды. Талқылауға FIFA-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық техникалық консультанты Гайоз Дарсадзе, Еуропа бойынша аймақтық техникалық консультанты Томас Данилевичус, сондай-ақ әуесқой футболды талдау жөніндегі FIFA менеджері Раймондас Статкевичус қатысты.

Іс-шара Қазақстандағы бұқаралық және әуесқой футболды халықаралық стандартқа сай одан әрі дамытуға бағытталған кәсіби диалог пен нақты қадамдарды талқылау алаңына айналды.

Бөлісу
Жоғары