Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

03 наурыз 2026, 22:23
2027 жылғы әйелдер футболынан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы өз алаңында Арменияны қабылдады.

Бегайым Қырғызбаева бас бапкер қызметіне тағайындалғаннан соң алғашқы матчында Арменияны жеңді. Ойын «Астана Аренада» өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасы сапынан Александра Бурова, Анелья Мамырова мен Бибігүл Нұрышева көзге түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Келесі ойында 7 наурыз күні Астана қаласында Беларуське қарсы өткіземіз.

Қазақстан W – Армения W – 3:0

Голдар: Бурова 35, Мамырова 76, Нұрышева 79

Қазақстан W: Портнова (Қ), Бурова, Власова, Нұрышева, Низамутдинова (Сұңқарова 86), Хайрулина, Жұмабайқызы (Шустова 74), Бабшук (К), Гайстенова (Тучина 74), Берікова (Мамырова 62), Бибосынова (Тұрлыбекова 62);

Қосалқы құрам: Исмайлова (Қ),Зейнали (Қ), Бекқожина, Рахатжан, Абдулаева, Алданазар, Сатығалиева.

Бас бапкер: Бегайым Қырғызбаева

Армения W: Кеворкян (Қ), Харутунян (Казанчан 64), Карагезян, Газарян, Вартанян, Даллакян, Казанджан, Нерсесян (Хачатрян 38), Артин (К) (Костанян 85), Асатрян, Пизлова.

Қосалқы құрам: Погосян (Қ), Саядян, Мовсесян.

Бас бапкер: Артак Адамян

Төрешілер: Лоррейн Уотсон, Викки Робертсон, Виктория Рейлли, Лорен Уайтхед (бәрі – Шотландия).

3 наурыз, 2026. «Астана Арена», Астана.

 
Бөлісу
Жоғары