ҚФФ Техникалық даму комитетінің кезекті отырысы өтті
Негізгі бөлімде техникалық дамуға қатысты маңызды мәселелер қаралды. Ұлттық құрамалардың дайындығы, алға қойылған мақсаттар мен міндеттер талқыланды. Сондай-ақ дайындықтың нәтижесін арттыру үшін KPI жүйесін енгізу мәселесі көтерілді.
Комитет мүшелері ҚФФ Жарыстар департаментінің 2005 және 2006 жылы туған ойыншыларды Екінші лига командаларының тізіміне қосу туралы ұсынысымен танысты. Бұл бастама жас футболшыларға көбірек ойын тәжірибесін беріп, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасауға бағытталған.
Жиында ұлттық құрамалардағы тәлімгерлік жүйе туралы да айтылды. Менторлық тәсіл тәжірибені жүйелі түрде жеткізуге, дайындықта ортақ бағыт ұстануға және жас ерекшеліктері арасындағы байланысты күшейтуге көмектеседі.
Сонымен қатар Павел Черепанов аналитикалық платформаны таныстырды. Презентацияда «Болашақ чемпиондар» жобасы, ҚФФ Академиясының философиясы, Техникалық орталықтың жұмыс жоспары және талантты бапкерлерді қолдау бағдарламасы айтылды. Бұл бастамалардың барлығы мамандар мен ойыншыларды жүйелі түрде дамытуға бағытталған.